Қазақстанда брендтік аяқ киімнің бір айдағы көлемі 80%-ға артты
Кейінгі деректер бойынша биыл наурызда 6 145 348 аяқ киім таңбаланып, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 80%-ға (3 365 438) жоғары. Сонымен қатар 2022 жылмен салыстырғанда тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіндегі бизнестің белсенділігі 46%-ға ұлғайғаны байқалып отыр.
2023 жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде аяқ киім өнімдерін таңбалау мен қадағалау ережелері толық күшіне енді. Демек бұдан былай тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркелмеген аяқ киімді сатуға тыйым салынады.
Міндетті таңбалау процесіне алдын ала дайын болу үшін кәсіпкерлерге екі жылдан астам уақыт берілді: 2019 жылдың 30 маусымында қанатқақты жоба іске қосылса, 2021 жылдың 1 қарашасында аяқ киімді таңбалау ережелері бизнеске көптеген жеңілдігі қарастырылған заңнамалық ережеге айналды.
Тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесінің негізгі мақсаты – Қазақстанда ашық сауданыдамыту. Жоғарыда аталған ақпараттық жүйеде (ТТҚ АЖ) аяқ киім өнімдерінің картасын тіркегенсоң оған қатысты ақпарат пайда болады. Соның негізінде өнімнің бірегей таңбалау коды қалыптасады. Сол арқылы әр аяқ киімнің данасыжеке, яғни бөлек қадағаланады.
Былтыр елімізде қаңтар-наурыз аралығында 223,9 мың дана аяқ киім шығарылса, биыл оның мөлшері 421,5 мыңға жеткен. Өндірістік динамика 88%-ға артқан.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда цифрлы таңбалау мен қадағалау тетігі 3 өнім түрлеріне қолданылып келеді. Атап айтсақ, 2020 жылдан бастап темекі өнімдеріне, 2021 жылдың қарашасынан бастап аяқ киім өнімдеріне, сондай-ақ былтырғы қараша айынан бері
90 дәрілік затқа қолданылып жатыр.