Үкімет энергетика саласын дамыту туралы: 160-қа жуық ЖЭК стансасы электр қуатын өндірудің 7%-дан астамын құрады
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «жасыл технологиялар» жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жаңартылатын энергия көздері саласында Қазақстан әлемдік инвесторлар үшін тартымды алаңға айналып отыр.
ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша таза энергия генерациясының үлесі жалпы өндіріс көлемінің 7%-нан асты, ал стансалар саны 159-ға жетті.
Сала дамуының ең бір маңызды кезеңі бірінші рет гигаваттық класты жел электр стансасын және энергия жинау жүйелерін салу бойынша ірі аукционның өткізілгені болды. Бұл қадам елімізде икемді әрі тұрақты энергетикалық жүйе құруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Аталмыш тәжірибе нарықтың ірі жобаларды қабылдауға және заманауи технологиялық шешімдерге дайын екенін көрсетті.