Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.38 612.6 6.54

«Полигон-21» ҚБ Абай облысындағы саяси партиялармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, 15:50 018.kz

Абай облысында «Полигон-21» қоғамдық бірлестігі өңірде жұмыс істейтін бірқатар саяси партиялармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған бастамаға жергілікті белсенді азаматтар да белсенді түрде қатысып, аймақтағы өзекті мәселелерді бірлесе шешуге дайын екендерін білдірді.

Меморандум аясында тараптар экологияны қорғау, инфрақұрылымды дамыту және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бағытындағы маңызды мәселелерді шешудің тиімді тетіктерін бірлесіп әзірлеуді көздеп отыр. Құжатта ашық диалог орнату, қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтардың бастамаларын қолдау мәселелеріне басымдық берілген.

«Бірлескен жұмыс тұрғындардың игілігі үшін және қордаланған мәселелерді шешудің ашық әрі тиімді тетігін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай қадамдар азаматтық қоғам, кәсіпкерлер мен саяси құрылымдардың ресурстары мен тәжірибесін біріктіріп, нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді «Полигон-21» қоғамдық бірлестігінің басшысы Марат Құрманбаев.

Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асырып, өңірдің тұрақты дамуына үлес қосуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив