Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Қызметтік иттер – қауіпсіздіктің сенімді қалқаны

15-12-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – күнделікті назар мен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Бұл бағытта полиция қызметінің әрбір саласы өз үлесін қосып, жүйелі жұмыстар атқаруда. Солардың бірі – кинология қызметі.

Бүгінде Абай облысында 21 қызметтік ит түрлі бағытта арнайы дайындықтан өткен. Есірткі заттарын анықтауға үйретілген қызметтік иттердің көмегімен 28 қылмыс ашылып, заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл көрсеткіш - кинолог мамандардың кәсіби біліктілігі мен қызметтік иттердің үздіксіз дайындығының нәтижесі.

Сонымен қатар жарылғыш заттарды іздеуге мамандандырылған қызметтік иттер қала және аудан орталықтарында орналасқан 376 мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныш әрі тұрақты қоғамдық ортаны сақтауға бағытталған.

Кинология қызметінің жұмысы – көп жағдайда көзге көріне бермейтін, алайда аса маңызды бағыттардың бірі. Қызметтік иттер мен кинологтардың өзара үйлесімді әрекеті, үздіксіз дайындық пен жауапкершілік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігіне айналып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив