Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17-12-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында Экономикалық ынтымақтастық  және  даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспарына сәйкес мониторинг жүргізудің 5-ші раунды аясында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Отырыста Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Бас прокурор Берік Асылов, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасады.

Уәкілетті органдардың өкілдері халықаралық озық тәжірибелерді енгізу арқылы еліміздің құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Жиын соңында Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспары аясындағы ұсынымдарды жан-жақты пысықтау маңызды екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив