Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды

17-12-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайып, 9,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Ол өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,5%-ға, егін шаруашылығындағы өндіріс көлемін 7,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігіне қарамастан, биыл майлы және бұршақ дақылдары да айқын өсім көрсетті. Мәселен, 1,1 млн тоннадан астам көлемде бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі алынды.

Вице-министр майлы дақылдардың өнімі алғаш рет 4,7 млн тоннаға жеткенін айтты.

Мұндай көрсеткіштерге егін егу және жинау жұмыстарына жеңілдікпен 750 млрд теңге қаржы бөлінгені ықпал етіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив