Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.31 603.03 6.4

Мемлекет басшысы Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды.

1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан.

Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.

Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив