Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.31 603.03 6.4

Абай облысында мәдениет саласының «Жыл үздігі – 2025» атты жылдың қорытынды іс-шарасы өтуде

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі мәдениет және архив саласының 2025 жылғы қызметін қорытындылауға арналған кең ауқымды жиын басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сала қызметінің бір жылдық нәтижелерін саралау, үздік тәжірибелерді талқылау, мәдениет және архив, тілдерді дамыту саласы мамандарының кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ өңірдің рухани дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді ынталандыру және марапаттау.

Іс-шараның ашылуы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда өткен алқа отырысымен басталды. Отырысқа Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов қатысты. 

Алқа отырысы барысында облыс әкімінің атынан құттықтау сөз Мейірлан Ақылбекұлына ұсынылды. Басқарма басшысы Жанжігіт Омархан салада атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарларды қамтыған баяндама жасады. Сонымен қатар, мәдениет саласына заманауи технологияларды енгізу мәселесіне басымдық беріліп, «Mearas» компаниясының өкілі, дизайнер-иллюстратор Батыр Хамзаұлы «Мәдениет саласындағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама ұсынды. Жиын аясында «Руханият әлемі» порталының техникалық презентациясы таныстырылды.

Сонымен қатар, аталмыш іс шара аясында республикалық қоғамдық бірлестіктердің атынан марапатталған мамандарға «Жыл адамы – 2025» және «Мәдениет майталманы» сынды номинациялар табысталды. 

Алқа отырысына басқарма мамандары, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қала және аудандық мәдениет бөлімдерінің жетекшілері, мәдениет мекемелерінің директорлары мен сала қызметкерлері қатысты. Жиын қорытындысында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласының алдағы даму бағыттары нақты жоспарлар айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив