Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағы таныстырылды

18-12-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Іс-шарада қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай «Жылдар мен жолдар…» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, туындыларына шолу жасалды.

Іс-шараға жазушының әріптестері, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, студенттер мен оқырмандар қатысты. Жинақта жазушының жылдар бойы жазған қазақы болмыс, ұлттық құндылық, адамгершілік мәселелері мен өмір шындығы көркем бейнеленген.

Кітап 3 000 дана таралыммен жарық көріп, еліміздегі жалпыға бірдей қолжетімді кітапханаларға таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив