Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.55 602.09 6.42

Жаслан Мәдиев Токиодағы Mitsubishi корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді

Кеше, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев  Мемлекет басшысының ресми сапары, сондай-ақ «Орталық Азия + Жапония» диалогы саммиті аясында Токиодағы Mitsubishi Corporation компаниясының штаб-пәтерінде компания өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Mitsubishi Corporation тарапынан:

  • Corporation компаниясының Түркия, Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша өңірлік өкілі - Ясунори Сакамото;
  • Mitsubishi Corporation компаниясының Стамбулдағы бас филиалының жаңа бизнес бағыттарын дамыту бөлімінің бас менеджерінің орынбасары - Кенто Оно;
  • Mitsubishi Corporation компаниясының Алматы қаласындағы офисінің бас менеджері - Такамаса Яно қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Mitsubishi Corporation арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуындағы стратегиялық басымдықтарды ескере отырып, серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Экономиканың цифрлық трансформациясы, жасанды интеллектіні дамыту, заманауи цифрлық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, сондай-ақ негізгі салаларда AI-driven бизнес шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар:

  • жасанды интеллект экожүйесін және бағдарламалық шешімдерді дамыту;
  • цифрлық инфрақұрылым мен телекоммуникациялар, оның ішінде 5G технологиялары;
  • ақылды және орнықты қалалар;
  • цифрлық энергетикалық шешімдер мен декарбонизация;
  • Қазақстан аумағында деректер орталықтарын және есептеу инфрақұрылымын құру және дамыту салалары бойынша ынтымақтастық әлеуетін қарастырды .

Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру, технологияларды локализациялау және Қазақстанның цифрлық әрі индустриялық инфрақұрылымына инвестиция тарту мүмкіндіктері жеке талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары Қазақстанның кешенді технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар жаһандық компания ретінде Mitsubishi Corporation-мен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Mitsubishi Corporation өкілдері өңірдегі цифрлық трансформация, жасанды интеллект және инновациялық даму мәселелері талқыланатын негізгі халықаралық алаң - Digital Bridge халықаралық цифрлық форумына қатысуға шақырылды.

Тараптар диалогты жалғастыруға және алдағы байланыстар аясында ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бірлесіп пысықтауға дайын екендерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив