Адамгершілік пен заңдылыққа негізделген қоғамға жауапты қызмет
Мемлекеттік аппаратты ашық және әділ басқару қағидаттарын нығайту жағдайында Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау ерекше маңызға ие болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген мнідетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана болмауы керек. Олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен елге пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет. Сондай-ақ, олар сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, арлы адам болуы шарт. Әділетті Қазақстанды құру идеясына адалдығы әлдеқайда маңызды,» - деп атап өткен болатын (2024 жылғы 3 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты). Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің мінсіз кәсібилігі мен адами қасиеттеріне ерекше мән береді.
Әдеп қоғамның билікке деген сенімінің іргелі негізі ретінде бүгінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық моделінің ажырамас элементі болып табылады. Осы саладағы негізгі институттардың бірі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Әдеп жөніндегі кеңесі.
Әдеп жөніндегі кеңес – басшы лауазымдағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу мәселелері бойынша тәртіптік істерді қарайды және теріс қылықтар расталған жағдайда тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.
Бүгінгі таңда оның басты мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінде сенім, әділдік және заңдылық ахуалын қалыптастыру болып табылады.
Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық өтеді, сондай-ақ ағартушылық қызметке белсенді қатысады, мемлекеттік қызметшілер мен халыққа түсіндіру кездесулерін өткізеді. Мұның бәрі жауапты қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыра отырып, құқықтық және әдептілік сауаттылықты арттырады.
Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметкер – бұл тек жоғары білімі бар ғана емес, сонымен қатар жеке қасиеттерімен ерекшеленетін маман. Мемлекеттік қызметтегі әдеп – ол шектеу емес, дамуға ынталандыру, тұрақтылық факторы, жетілу және басқару мәдениетінің белгісі болады.
Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік басқару институттарына халық сенімін нығайту саласындағы саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Оның қызметі азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрудың маңызды элементі болып табылады.
Бүгінгі таңда қоғам биліктен ашықтықты, әділеттілік пен жауапкершілікті күткен кезде, әдеп – мемлекет пен халық арасындағы әмбебап сенім тіліне айналады. Бұл тілді сақтауға, дамытуға және күнделікті басқару тәжірибесінде бекітуге көмектесетін Әдеп жөніндегі кеңес болып табылады.
Ағымдағы жылы Абай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 8 рет өткізіліп, барлығы 40 сұрақ қаралды, оның ішінде 15 тәртіптік іс, 25-і құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық мәселелер.
Кеңес отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлығы 58 ұсыным қалыптастырылды.
Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 10 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды (5 тәртіптік іс тоқтатылды), оның ішінде 7-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 3-і әдеп нормаларын сақтамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылады.
Мәселен, ағымдағы жылдың ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақтаулына талдау жүргізіліп, оны нәтижелері Абай облысындағы әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Жүргізілген талдау көрсеткендей, 379 қызметкердің іссапар шығындарын уақытылы өтеу жүйелі түрде бұзылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге жалпы сомасы 2,4 млн теңгеден астам іссапар шығыстары өтелді.
Сондай-ақ, талдау барысында жыл сайынғы еңбек демалысы төлемдерін уақытылы өтемеу фактілері анықталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен тиісті төлемдерді кешіктіргені үшін жалпы сомасы 267 195 теңгеден астам өсімпұл өндірілді.
Бұдан басқа, жұмыс уақыты режимінің сақталуына мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 64 мемлекеттік қызметшіге жалпы 195 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді,
25 қызметшіге 87 377 теңге көлемінде қосымша ақы төленді.
Айта кету керек, мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс атқаруы міндетті түрде өтелуге тиіс. Бұл өтемақы қосымша демалыс күндері (сағаттары) түрінде немесе мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ақшалай түрде жүзеге асырылады.
Аталып өткен талдау және мониторинг нәтижелері Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралып, тиісті лауазымды тұлғаларға нақты ұсынымдар берілді.
Осындай мысалдар Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы тек тәртіптік істерді қарастыру ғана емес, сонымен қатар азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіруге бағытталатынын көрсетеді.
Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңесзаң бұзушылықтың алдын алуға және мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық пен тәртіпті нығайтуға оң ықпалын тигізуге бағытталған жұмысты жүйелі түрде жүргізеді.
Бағдары айқын, қызметі елеулі Әдеп жөніндегі кеңес институты халықтың сенімін ақтауға өз күшін сала бермек.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті