Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Қазақстан мен Беларусь архившілерінің бірлескен фотоальбомы таныстырылды

19-12-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Беларусь Республикасы Әділет министрлігінің Архивтер және іс жүргізу жөніндегі департаменті бірлесіп «Қазақстандықтардың Беларусь партизан қозғалысына қатысуы. 1941–1944 жж.» атты фотоальбомның тұсаукесерін өткізді.

Жиын барысында фотоальбомның дайындалу тарихы, жобаның ғылыми-зерттеу бағыты, Қазақстан мен Беларусь архившілерінің ынтымақтастығы, сондай-ақ жинаққа енген материалдардың маңызы таныстырылды. Фотоальбомда 1941–1944 жылдары Беларусь аумағындағы партизан қозғалысына қатысқан қазақстандықтардың ерлігі мен тағдыры архивтік құжаттар және фотоматериалдар негізінде көрсетілген.

Жиын соңында қатысушылар екі ел арасындағы архиваралық байланысты одан әрі нығайтып, ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив