Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.55 602.09 6.42

2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

1 қаңтардан  бастап сақтандырылған мәртебесі бар азаматтар міндетті сақтандыру аясында көптеген медициналық қызметтерді жоспарлы түрде ала алады. Бұл туралы Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков баяндады.

-  Сақтандыру жүйесі отбасылардың қаржылық тәуекелдерін азайтып, медицина саласының тұрақтылығын нығайтады және мемлекетке денсаулық сақтау жүйесін сапалы жаңа деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың денсаулығын нығайтуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер күшіне енеді. Статистикалық деректерге сәйкес, облыс халқы 596 646 адамды құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қазірдің өзінде шамамен 499 мың адам сақтандырылған, бұл халықтың 84 пайызына жуық. Олардың ішінде 355 мыңнан астам адам жеңілдікті санаттарға жатады, ал тағы 15,9 мың адам жарналарды өздері төлейді. Біздің міндетіміз – бұл тізімді кеңейту, - деді басқарма басшысы.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша филиалының директоры   Ельмира Рахимбаеваның айтуынша,  жаңа жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы сияқты созылмалы аурулар енгізіледі. Енді бұл науқастар дәрігерлердің кеңесін, қажетті дәрі-дәрмектер мен емді толықтай міндетті сақтандыру шеңберінде алады.

- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бақылау, диагностика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, гемодиализ және тіпті бүйрек трансплантациясы да сақтандыру пакетіне енгізіліп, сақтандырылған азаматтар үшін “тегін” қолжетімді болады. Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар 11 аурудан басқа, созылмалы аурулардың басым бөлігі енді сақтандыру жүйесі арқылы толық қамтылады. Бұл 11 ауру бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шенберінде қаржыландырылады, - деп түйіндеді филиал директоры.

Спикердің айтуынша, ауыл халқы да бүгінгі таңда міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толыққанды енгізілген. Ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі жеңілдік санатына жатады, олар үшін жүйеге жарналарды мемлекет төлейді. 

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті сақтандыру туралы заңның жаңа нормасына сәйкес, ДЕ санатындағы табысы төмен азаматтар жергілікті атқарушы орган есебінен сақтандырылып, диагностика мен емдеуді кедергісіз ала алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жүйеге жұмсақ кіру қарастырылған. Айына небәрі 4250 теңге немесе жылына 51 000 теңге төлей отырып, олар аз ғана сомаға қымбат медициналық көмекті де ала алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив