Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие екенін айтты
Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Сондай-ақ БҰҰ университетіне осы ізгі істі қолдап, ғылыми зерттеулерге белсенді атсалысуды ұсынды.
Келешек туралы ой қозғаған Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қазіргі заман келбетін қалыптастыратын шешуші күштің бірі деп атады.
Әйтсе де, оның пікірінше, ЖИ-дің қаупі де жоқ емес. Оған жұртшылықтың теңдей қол жеткізе алмауы және теріс пиғылда, соның ішінде әскери мақсатта қолдануы себеп болуы ықтимал.
– Біріккен Ұлттар Ұйымы кезінде ядролық қауіпсіздік пен азаматтық авиация салаларында жалпыға бірдей нормаларды қалыптастырды. Сол секілді енді бұл істе де негізгі үйлестіруші рөлін атқаруға тиіс. Әлемнің жетекші технологиялық орталықтарының бірінде орналасқан жаһандық оқу орны ретінде БҰҰ университеті ЖИ-дің әлеуетіне, қауіп-қатеріне және оны басқаруға қатысты халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие, – деді Президент.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы




