Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.18 601.91 6.51

Сенаторлар жасанды интеллект дәуіріндегі медиа және бейбітшілік журналистикасының рөлін талқылады

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Бибигүл Жексенбай «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиа және бейбітшілік журналистикасы» тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелдің екінші отырысына қатысты.

Сенаторлар Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын оқып берді. Сенат Төрағасының құттықтауында жасанды интеллектің тіл мен мазмұнды қалыптастырудағы әсерін дұрыс бағалаудың маңыздылығы, сондай-ақ әлеуметтік желідегі агрессияға төтеп бере алатын бейбіт коммуникация тетіктерін ілгерілету қажеттігі атап өтілді.

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы бейбітшілік журналистикасы кәсіби бағыт қана емес, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды құралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі мен әдеп қағидаларға деген адалдығы жасанды интеллекті кеңінен қолдану жағдайында ерекше маңызды болып отыр.

Бибигүл Жексенбай өз кезегінде бейбітшілік пайымы заңнама деңгейінде қалыптасуымен қатар қоғамдық сана мен күнделікті қарым-қатынаста тамыр жаюы тиіс екенін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар медиа кеңістіктегі жасанды интеллектің рөлін, ақпараттық қауіпсіздік, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудағы журналистиканың миссиясын талқылады. Сарапшылар алгоритмдер мен цифрлық платформалардың қоғамдық санаға әсері туралы айта келіп, бейбітшілік журналистикасы ұстанымдарын жаңа технологиямен біріктірудің маңыздылығына тоқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив