Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады

23-12-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды.

Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды.

– Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда «Заң мен тәртіп» және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив