Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.18 601.91 6.51

Мәжілісте Қазақстан мен Қытай парламентаралық байланысын нығайту мәселесі талқыланды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті. Тараптар елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты арттыру мәселесін талқылады.

Комитет төрайымы Қытаймен мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

– Парламентаралық ынтымақтастық қазақ-қытай қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады және саяси диалогты дамытуға берік негіз қалайды. Парламенттік дипломатия қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде ерекше рөл атқарады. Ол дәстүрлі дипломатияны толықтырып, мемлекеттер арасында диалог пен өзара түсіністік үшін қосымша арна ретіндегі пайдасы зор. Соңғы жылдары екі елдің заң шығарушы органдары басшылығының кездесулері де тұрақты сипат алды, – деді А.Құспан.

Өз кезегінде Хань Чуньлинь қос тараптың заң шығарушы органдары арасындағы байланысты нығайтуға деген шынайы ниетін білдірді. Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан іске асыруға дайын екенін жеткізді.

Екі ел депутаттары екіжақты және көпжақты парламенттік іс-шараларға қатысу арқылы өзара байланысты нығайту, әріптестікті арттыру  мен дамыту бағытындағы жұмысты жандандырып келеді. Осы тұрғыда тараптар заң шығару және басқа да салаларда тәжірибе алмасуға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив