Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Абай облысында Журналистер одағы филиалының отырысы өтті

23-12-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында филиалға жаңа төраға тағайындалды. Бұл қызметке «Abay Media Group» ЖШС директоры Мирас Малғаждаров сайланды.

Осы уақытқа дейін филиал төрағасы қызметін атқарған Хасен Молдабаев өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеп, өңір журналистері алдында атқарған жұмысы бойынша есеп берді.

Шара барысында әріптестері Хасен Молдабаевқа көрсеткен еңбегі үшін алғыс білдіріп, дәстүрге сай иығына шапан жапты.

Жиынға қатысқан ардагер журналистер Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин, Абай облысының құрметті азаматы Вера Кропачева және еліміздің құрметті журналисі Дүйсен Жақсыбаев жаңа төрағаға жылы лебізін білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, өңір журналистері жаңа төрағамен медиа саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив