Ростислав Коняшкин ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Коняшкин Ростислав Анатольевич жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.
1989 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы жеке кәсіпорында консультант болып бастаған.
2011-2012 жылдары — «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.
2012-2014 жылдары — «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.
2014-2015 жылдары — «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.
2016 жылы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.
2016-2017 жылдары — «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері.
2017-2019 жылдары — «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.
2019-2020 жылдары — «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.
2020-2021 жылдары — ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.
2021-2024 жылдары — «Ұлттық aқпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы
2024-2025 жылдары — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі.
2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.