Өңірде жаңа жыл қарсаңында профилактикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Абай облысында өрт және қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау арттырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Мақсат Ғаниятоллаев баяндады.
Спикердің айтуынша, өңірде өрттердің және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жаңа жыл» және «Пиротехника» профилактикалық акциялары жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, өрт кезінде әрекет ету бойынша 52 нұсқама өткізіліп, 696 адам қамтылып, 18 практикалық жаттығу ұйымдастырылды. Жаңа жылдық шыршалар орнатылғаннан кейін, іс-шаралар басталардан бір күн бұрын қайтадан бақылау тексерістері жүргізіледі. Толығырақ Абай облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ақбаев кеңінен тарқатты.
Ішкі істер министрінің №319 бұйрығына сәйкес, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде ғана жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Абай облысының аумағында пиротехникалық бұйымдарды сату және қолдану бойынша лицензиясы бар небәрі үш заңды тұлға тіркелген. Олардың қатарында «Казахстан-Салют» ЖШС, «Company-M» ЖШС және «Saida Company» ЖШС бар. Бөлшек саудаға тек өрт қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталған жағдайда, мамандандырылған сауда нысандарында ғана рұқсат етіледі, – деп нақтылады басшы орынбасары.