Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
504.76 593.8 6.5

Сенаторлар Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов өңірлік бастамаларды заңнамалық қолдау туралы айтып берді

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаторлар Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов Қызылорда облыстық мәслихатының және оның тұрақты комиссияларының төрағаларымен кездесті. Кездесу барысында өзара іс-қимыл, өңірлік бастамаларды заңнамалық қолдау және бюджеттік жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Сенат жанындағы Жергілікті мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің және «Өңір» депутаттық тобының қызметіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, сенаторлар өңірлердің мүдделерін заңнамалық деңгейде қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Руслан Рүстемов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі біртіндеп күшейтіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Сенат пен жергілікті өкілді органдар арасындағы өзара іс-қимыл қабылданып жатқан заңдарда, оның ішінде жергілікті бюджеттік жобаларды қаржылық қолдау бөлігінде өңір тұрғындарының өзекті сұраныстарының көрініс табуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған бірлескен жұмыс жоспарлары пысықталды, сондай-ақ Сенат Спикерінің қатысуымен өткен Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысында айтылған бастамалар қаралды. Тұрақты комиссиялардың төрағалары әлеуметтік саясат, инфрақұрылымдық даму және бюджет қаражатын тиімді бөлу салаларында заңнамалық сүйемелдеуді қажет ететін мәселелерді белгіледі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша жұмыс сапары аясында сенатор Руслан Рүстемов аймақтағы сұранысқа ие мамандарды даярлайтын негізгі оқу орындарының бірі - М. Ықсанов атындағы техникалық-IT жоғары колледжіне барды. Қазіргі уақытта колледжде 400-ден астам студент оқиды.

Колледжге бару барысында мемлекеттік қолдаудың арқасында колледжде «Жас маман» жобасы аясында материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталған заманауи шеберханалар мен зертханалар құрылып, жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Инженерлік-педагогикалық кадрларды даярлауға, практикаға бағытталған оқытуды дамытуға және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс істеу үшін жастардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Сенаторлар өңірлермен жүйелі өзара іс-қимыл мемлекеттік бағдарламаларды неғұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін және халықтың өзекті сұраныстарына уақтылы жауап беруге жол ашатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив