Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
504.76 593.8 6.5

Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Жиын барысында қатысушылар еңбек саласындағы қазіргі ахуалды және саладағы қатерді ерте анықтау тетіктерін талқылады. Мониторинг 96 373 кәсіпорын енген Еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде 1 783 кәсіпорын ерекше бақылауда тұр. Жүйе енгізілген сәттен бастап 3,2 мың ұйым қаупі жоғары санатынан шығарылды, бұл 100 мыңнан астам қызметкерді қамтиды.

Сондай-ақ еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттың алдын алу мәселелері қаралды. Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, бірқатар салалар мен өңірлерде профилактикалық жұмысты күшейтуді талап ететін қатер әлі де бар.

Премьер-министрдің орынбасары білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, оның ішінде Enbek.kz платформасы арқылы студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Отырыс соңында Республикалық үшжақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жиын қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдарға әлеуметтік-еңбек қаупі жоғары кәсіпорындарға мониторингті күшейту, ведомствоаралық деректер алмасу бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ кәсіпорын басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру арқылы өндірістік жарақаттың алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив