Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

2026 жылы Қазақстандағы шетелдік жұмыскерлерге тартуға квота жұмыс күшінің 0,25 %-ын құрайды

30-12-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2026 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,25% мөлшерінде белгіленді.

2025 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 726 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 402 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 5 893 және 3 131 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 4 994 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2025 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 2,9% мөлшерінде белгіленген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив