Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
504.76 593.8 6.5

Қазақстандық колледж халықаралық аккредиттеуден өтті

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда қаласындағы «ORDA» халықаралық жоғары колледжі «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Англияның «City & Guilds» кәсіби біліктіліктер компаниясынан, сондай-ақ ІТ бойынша Оңтүстік Кореяның ABEEK (Accreditation Board for Engineering Education of Korea) аккредитация агенттігінен халықаралық салалық аккредиттеуден өтті.

Енді колледждің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша берілетін қазақстандық диплом 80 елде танылатын болды. Ал ІТ саласындағы «Ақпараттық қауіпсіздік», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар» мамандықтары бойынша дипломдар Азия, Еуропа, Солтүстік Америка және Австралия елдерін қоса алғанда, әлемнің 20-дан астам елінде мойындалады.

«Бұл студенттердің шетелде білімін жалғастыруына, ал түлектердің жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде жұмыс жасауына мүмкіндік береді», - дейді Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті басшысының орынбасары Ақзира Қасымова.

Айта кету керек, халықаралық компаниялар тарапынан колледжді үш жыл кәсіби сүйемелдеу жүргізіліп, оның ішінде білім беру бағдарламаларын жетілдіру, әдістемелік ұсынымдар мен сараптамалық қолдау көрсетіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив