Cемей-29°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
497.56 586.92 6.44

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

31-12-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 11 айында өңірде ауыл шаруашылығы саласында оң өсім қалыптасты. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 24,2%-ға ұлғайып, 515,1 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 100,9% деңгейінде тіркелді.

Мал шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Бұл бағыттағы нақты көлем индексі 105,3%-ға жетті. Агроөнеркәсіп кешеніне тартылған инвестиция көлемі 31,6 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға артты.

Есепті кезеңде барлық түрдегі ет өндірісі 105,1%-ға өсіп, 126,0 мың тоннаға жетсе, сүт өндірісі 106,6%-ды құрап, 297,5 мың тонна болды. Жұмыртқа өндірісі 54,5 млн данаға жетті.

Мал басы саны бойынша ірі қара – 772,0 мың бас (өткен жылмен салыстырғанда 99,7%), ұсақ мал – 1 235,8 мың бас (100,9%), жылқы – 378,6 мың бас (103,2%), ал құс саны 1 587,8 мың басқа жетіп, 127,8% өсім көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив