Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
502.57 591.68 6.42

Абай облысында ауыл шаруашылығын дамытудың 2031 жылға дейінгі инвестициялық картасы бекітілді

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында ауыл шаруашылығы саласын жүйелі дамыту мақсатында 2031 жылға дейінгі өңірлік инвестициялық жобалар картасы әзірленді. Аталған құжат өңірдің аграрлық әлеуетін толық пайдалану мен өндіріс көлемін арттыруға бағытталған даму моделін қамтиды.

Даму моделі аясында ет кластерін құру, заманауи сүт-тауарлы фермалар салу, етті құс шаруашылығын дамыту және суармалы егіншіліктің мүмкіндіктерін барынша пайдалану көзделген. Осы басым бағыттар шеңберінде облыс аумағында жалпы құны ауқымды 85 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Соның ішінде Семей қаласында 23,8 млрд теңге көлемінде 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар қаладағы ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Аталған бастамалар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, ауыл шаруашылығы саласының ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив