Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
502.57 591.68 6.42

Абай облысында биыл бұрын-соңды болмаған көлемде инвестиция тартылды

Бүгін, 10:09 018.kz

Жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңір экономикасына 495,2 млрд теңге инвестиция салынды. Оның ішінде Семей қаласының үлесіне 144,8 млрд теңге тиесілі, бұл жалпы көлемнің 29,2 пайызын құрайды.

Жыл басынан бері өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар саны 29-дан 98-ге дейін артты. Ал тартылатын инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қазіргі таңда олардың 51 жобасы Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.

Биыл 14 жобаны іске асыру, 30,3 млрд теңге инвестиция тарту және 510 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңда 11 жоба жүзеге асырылып, 333 жұмыс орны ашылды, жобалардың жалпы құны 22,4 млрд теңгені құрайды.

Оның ішінде Семей қаласында 6 жоба іске асырылып, 21,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 339 жұмыс орны құрылды.

Жыл соңына дейін тағы 3 жобаны іске асыру және қосымша 175 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштер Абай облысында инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай артқанын және өңір экономикасының қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив