Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады: Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады

31-12-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында «Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу» туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Жобаның инвесторы – «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды. 

Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталмақ. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Жобаны жүзеге асыру өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив