Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
505.53 593.44 6.34

Сенаторлар өнеркәсіптік және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысымен танысты

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Марат Қожаев және Нурия Ниязова Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Абай ұлттық мектебінің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйым өкілдерімен кездесу барысында жобаны іске асыру кезеңдері, сондай-ақ оны дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды. Абай ұлттық мектебі білім беру саласындағы үздік отандық дәстүрлер мен халықаралық тәжірибені біріктіретін жаңа буын білім беру мекемесі екендігі атап өтілді.

Сенаторлар 250 орындық жатақхананың құрылысымен танысты. Ол білім алушыларға жайлы және қауіпсіз тұру жағдайын қамтамасыз етеді. Сапар барысында жобаны іске асыру заманауи білім беру ортасын қалыптастыру және жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуда аса маңызды екені атап өтілді.

Сенат депутаттары жұмыс сапары аясында қалалық Достық үйінде өткен этномәдени бірлестіктер мен «Ынтымақ» депутаттық тобының өкілдерімен де кездесті.

Пікірлесу барысында қоғамдық дамудың, этносаралық келісімді нығайтудың және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар қоғамдағы бірлікті, тұрақтылық пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы ұсыныстар айтты.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов жұмыс сапары аясында отандық ESM (Eurasia Special Machines) компаниясында болып, өндіріс жайымен және қызмет көрсету барысымен танысты. Кәсіпорын әлемдік жетекші өндірушілердің өнімдерімен қоса коммуналдық, жол және арнайы техниканы жасайды, оларды жеткізеді және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Сенаторлар сапар барысында өндірістік цехтарды аралады және техниканы құрастыру барысымен, гидравликалық жүйелер, электр бөлшектері мен аспалы жабдықтарды монтаждаумен танысты. Компания индустриялық сертификатқа ие және күрделі климаттық жағдайларда пайдаланатын әмбебап жол машиналары мен техникаларды жасаумен қоса толық өндіріс тізбегін жүзеге асырады.

Кездесу барысында ESM компаниясының қызметі Мемлекет басшысының отандық өндірісті дамыту және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асып жатқандығы атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив