Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Тоқаев бір палата Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауап берді

5-01-2026, 11:59 018.kz

«Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір палата Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауабын айтты.

– Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылатынын айтты.

- Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады, - деді Президент.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив