Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: 2026 жылы Қазақстан QazTech базасындағы цифрландырудың платформалық моделіне көшеді

5-01-2026, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландырудың платформалық моделіне көшу туралы Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінде Премьер-министр орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жиын өтті.

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұлттық холдинг пен компания өкілдері қатысты. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының QazTech электрондық үкіметінің ұлттық ақпараттық-коммуникациялық платформасына міндетті түрде көшу мәселесіне басты назар аударылды.

Кеңес барысында 2026 жылдың басынан бастап QazTech платформасынан тыс жаңа ақпараттық жүйелерді құруға мораторий енгізілетіні атап өтілді. Цифрландыруды дамыту бір-бірінің қызметтерін қайталамай, тиімсіз бюджеттік шығынсыз, бірыңғай архитектура шеңберінде жүзеге асырылады.

Платформалық модельге көшу мемлекеттік цифрлық сервистер мен деректерді шоғырландыруға, артық ақпараттық жүйелер санын қысқартуға, сондай-ақ цифрлық шешімдер ауқымдылығын, қауіпсіздігі және технологиялық үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз – цифрлық шешімдер бытыраңқы жобалар емес, жүйе ретінде жұмыс істейтін мемлекеттің орнықты, бірыңғай және тиімді цифрлық платформасын құру», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив