Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.83 600.58 6.36

Қазақстанда кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін «Халық бухгалтері» акциясы басталады

5-01-2026, 15:50 018.kz

Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап Абай облысында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы  қолдау көрсетуге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы басталғанын мәлім етеді. 

Бастама бақылау моделінен салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге көшу шеңберінде іске асырылады. Науқан 2026 жылдың 5 қаңтарынан 30 маусымына дейін жалғасады.

Жоба шеңберінде салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша ұғымды және практикалық түсініктемелер ала алады.

Кеңес беруді кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді.

Семей қаласында кеңес беру Дулат Бабатайұлы (бұрынғы Первомайская) көшесі, 28 Б мекен-жайда орналасқан Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында Клиенттерге қызмет көрсету орталығында (1 қабат) өткізілетін болады.

Бухгалтерлердің кеңес беру кестесі:

• 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында - аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;

• 2026 жылдың наурызынан бастап-аптасына екі рет.

Өңірлерде қабылдау мемлекеттік кірістер басқармаларында, қажет болған жағдайда облыстық департамент мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады.

Қосымша Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бейнеконсультация, телефон байланысы, онлайн-консультация форматында өзара іс-қимыл қарастырылған.

«Халық бухгалтері» акциясы кәсіпкерлердің салық сауаттылығын арттыруға, уақтылы профилактикалық және кеңес беру арқылы бұзушылықтар санын азайтуға бағытталған. Алдағы уақытта сервистік шараларды кеңейту және салық төлеушілерге  кеңес беруде сүйемелдеуді күшейту жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив