Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.83 600.58 6.36

Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтар: Шәкәрім университетінің 2026 жылға арналған даму бағыты

Кеше, 09:45 018.kz

Республикалық «Түркістан» газетінде жарияланған Мемлекет басшысының сұхбаты ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі бағдарларды айқындады. Сұхбатта Қазақстанның стратегиялық дамуы нақты іске асыру логикасына көшкені атап өтілді.

Осыған орай, Шәкәрім университетінің Ректоры – Басқарма төрағасы Думан Орынбеков Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтар университеттердің, әсіресе өңірлік жоғары оқу орындарының қызметіне тікелей жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Президент сұхбатында:

  • ғылымның экономикалық актив ретіндегі рөлі,

  • кадрлардың стратегиялық ресурс екені,

  • жасанды интеллектіні ұзақ мерзімді өркениеттік таңдау ретінде дамыту,

  • тиімділік пен нақты нәтиженің негізгі өлшемге айналуы,

  • өңірлердің экономикалық өсім кеңістігі ретіндегі маңызы айқын көрсетілді.

Осы логика аясында университеттер ел дамуына нақты шешімдер ұсынатын институционалдық орталық ретінде қарастырылады. Ал өңірлік университеттер үшін бұл – өңір экономикасы мен қоғам сұранысына тікелей жұмыс істеу міндеті.

Думан Орынбековтің айтуынша, Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтар негізінде 2026 жылға арналған міндеттер матрицасын қалыптастыруға болады. Атап айтқанда, кадр даярлау өңір мен ел экономикасының нақты қажеттіліктеріне сай жүргізілуі тиіс. Практикалық құзыреттер мен цифрлық дағдылар базалық стандартқа айналады.

Сонымен қатар, университет ғылымы өңірлік сұранысқа бағытталған қолданбалы зерттеулерге басымдық береді. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, энергетика, логистика және әлеуметтік процестер – негізгі ғылыми бағыттар ретінде белгіленеді. Ғылым нақты міндеттерді шешудің құралына айналуы қажет.

Жасанды интеллектіні университетті басқару жүйесіне, білім беру процесіне және ғылыми қызметке енгізу де басты назарда. Барлық білім алушылар үшін AI-сауаттылықты қалыптастыру маңызды міндет ретінде қарастырылады.

Басқару жүйесінде деректерге негізделген data-driven модельге көшу, цифрлық құралдарды пайдалану, ашық көрсеткіштер мен өлшенетін нәтижелер енгізу көзделіп отыр.

Шәкәрім университеті өңірдің интеллектуалдық орталығы ретінде сараптамалық, басқарушылық және экономикалық шешімдерді сүйемелдеуге дайын. Сонымен бірге, білім беру бағдарламалары 2030 жылдан кейінгі экономика талаптарына сай жаңартылып, пәнаралық тәсілдер мен жүйелі ойлау дағдыларына негізделеді.

Ректордың айтуынша, технологиялық даму адамгершілік құндылықтармен сабақтасуы тиіс. Бұл бағытта университет қызметі Абай мен Шәкәрім іліміндегі «Толық адам» қағидаты логикасында жүзеге асырылады.

«Мемлекет басшысының сұхбаты ел дамуының айқын бағдарын көрсетті. Біздің міндет – осы басымдықтарды нақты басқарушылық шешімдер мен практикалық нәтижелерге айналдыру», – деді Думан Орынбеков.

Осылайша, Шәкәрім университеті 2026 жылғы жұмысын Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағыттарға толық сай ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив