Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.83 600.58 6.36

Президент сұхбаты жастарға артылған сенім мен жауапкершілікті айқындады

Кеше, 10:27 018.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында жастардың ел болашағындағы айрықша рөлі жан-жақты әрі терең ашып көрсетілді. Бұл туралы «Абай Жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов пікір білдірді.

Мемлекет басшысы сұхбатта жастардың күш-қуатына, азаматтық жауапкершілігіне және отансүйгіштік қасиеттеріне жоғары баға беріп, олардың ел дамуы жолындағы шешуші рөлін атап өтті. Президенттің бұл сенімі жас буынға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Айдос Төлеухановтың айтуынша, бүгінгі жастар – білімге ұмтылатын, еңбекқор, жаңашыл ойлайтын және қоғамдағы өзгерістерге белсенді араласатын буын. Азаматтық сана-сезімі жоғары, жауапкершілікті жастарды қалыптастыру еліміздің жаңа даму кезеңіндегі басты басымдықтардың бірі болып отыр. Бұл – әрбір жас үшін нақты талап қана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік.

«Президент атап өткен құндылықтар бізді өз әлеуетімізді толық іске асыруға, біліміміз бен біліктілігімізді ел игілігіне жұмсауға үндейді. Жастар қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып, мемлекет дамуына нақты үлес қосуы тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ орталық директоры ел болашағы жастардың қолында екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір жас өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етіп, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуіне қызмет етуі қажет.

Осылайша, Мемлекет басшысының сұхбаты жас буын үшін нақты бағдар мен сенімге негізделген үндеу болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив