Cемей-25°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
508.91 594.36 6.33

Президент сұхбаты армиядағы тәртіп пен қауіпсіздікке жаңа көзқарас қалыптастырады

6-01-2026, 12:17 018.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Қарулы Күштердегі тәртіп, қауіпсіздік және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше мән берілді. Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Елдос Бозгулов пікір білдірді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының «әскерде темірдей тәртіп болуы тиіс» деген ұстанымы тек қатаң талап қоюды ғана емес, әділдік пен сарбаз өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де көздейді. Әскери тәртіп сарбаздың құқығын шектеу емес, керісінше оны қорғаудың тетігі болуы тиіс.

Полковник Елдос Бозгулов Президенттің әскери саладағы тәрбие жұмысына ерекше назар аударуын орынды шешім деп бағалады. Қазіргі заманда заманауи қару-жарақ пен технологиялармен қатар, моральдық-психологиялық дайындықтың маңызы артқан. Командирдің жеке үлгісі, жауапкершілігі мен әділдігі армия ішіндегі тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының армияның жағымды қырларын қоғамға кеңінен таныту жөніндегі пікірін қолдайтынын жеткізді. Әскери борышын өтеген жастарға берілетін білім беру жеңілдіктері мен әлеуметтік кепілдіктер – мемлекеттің жастарға деген нақты қолдауы. Алайда бұл мүмкіндіктер туралы ақпарат қоғамға жүйелі әрі ашық жеткізілгенде ғана әскерге деген сенім арта түседі.

Елдос Бозгулов Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектептердің санын көбейту бастамасын стратегиялық маңызы бар инвестиция ретінде бағалады. Оның айтуынша, бұл тек әскери кадр даярлау емес, ұлттық рухы жоғары, жауапкершілікті әрі тәртіпті азаматтарды қалыптастыруға бағытталған қадам.

«Президенттің сұхбаты армиядағы мәселелерді жасыруға емес, оларды ашық айтып, нақты шешімдер қабылдауға бағытталған саяси ұстанымның көрінісі. Ендігі басты міндет – айтылған сөз бен атқарылатын істің бірлігі», – деп түйіндеді полковник.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив