Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы: Astana Hub өз шығынын өзі ақтауға толығымен көшеді
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің, ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың және «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Абылайхан Оспановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Ростислав Коняшкин баспасөз мәслихатында Астанада пилотсыз таксидің іске қосылуына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бағасы мен тарифтерге қатысты айтуға әлі ерте, бірақ қазір елордада аталған технология тестілеуден өтетін пилоттық аймақтар анықталған. Белгіленген жұмыс бірнеше халықаралық серіктестермен бірлесе жүргізіліп жатыр. Олар – InDrive, Yandex компаниялары. Бұл ретте ведомство басқа компаниялармен ынтымақтастыққа ашық болып қала береді.
Пилотсыз таксиді іске қосу биылға жоспарлануда. Қазіргі уақытта ІІМ, Көлік министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ростислав Коняшкин, сондай-ақ, хоалыққа қолайлы болу үшін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілері бар көлік құралының мемлекеттік тіркеудегі нөмір белгісін еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленгенін атап өтті. Қазақстандықтар «әдемі» мемлекеттік тіркеудегі нөмір белгілерін сатып алуға 11 мыңға жуық өтініш берген. Жаңа қызметке жоғары сұраныс ол іске қосылғаннан кейінгі алғашқы күндерден-ақ басталған. Сондай-ақ, Astana Hub алдағы 2-3 жылда өзін-өзі қамтамасыз етуге толығымен көшетіні хабарланды. Қазір бюджеттен қаржыландыру кезең-кезеңімен азайып келеді және Astana Hub өз аумағында орналасқан резиденттері есебінен өз шығынын өзі ақтауға көшуде.