Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.94 593.88 6.43

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиевпен кездесті.

Ақын жақында Президенттің 2025 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері атанды. Аймақ басшысы кездесуде Төлеген Жанғалиевті мемлекеттік стипендия алуымен құттықтап, бұл оның ұзақ жылғы шығармашылық еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.

«Өзіңізді көргеніме қуаныштымын. Президент стипендиясын иеленуіңіз еткен еңбек, төккен тердің өтеуі деп білеміз. Қарауылда, ауылда тұрып, құнды шығармалар жазып, есімдері елге танымал қаншама шәкірт тәрбиеледіңіз. Осы мерейлі сәтпен шын шын жүректен құттықтаймын», – деді облыс әкімі.

Төлеген Жанғалиев арнайы шақырып, қабылдағаны үшін аймақ басшысына алғысын айтты.

«Мемлекет басшысының Абайға деген құрметі, көзқарасы ерекше. «Біз Абайды және оның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеп келеміз. Ол қоғамдағы кемшіліктерді бүкпесіз айтып, «Толық адам» болуға бастайтын дұрыс жолды нұсқап кетті. Ұлы ойшылдың ұрпаққа қалдырған баға жетпес мұрасы саналатын «Қара сөздері» әлі күнге дейін өзекті болып отыр» деді «Түркістан» газетіне берген сұхбатында. Былтыр Президенттің тапсырмасымен Абайдың 180 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді. Мәдениет саласындағы стипендияны иеленуім менің шығармашылығыма ғана емес, Абайға, Абай еліне көрсетілген құрмет деп білемін», - деді Төлеген Жанғалиев.

Төлеген Жанғалиев – 10-нан астам жыр жинақтарының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мерғали Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындар сыныбының жетекшісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив