Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.94 593.88 6.43

Сенатта депутаттардың өңірлерге сапарлары қорытындыланды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 15 қаңтарда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Сондай-ақ сенаторлардың өңірлерге сапарының және тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары талқыланды.

Мәулен Әшімбаев палата депутаттарының өңірлерге сапарын қорытындылай келе, сенаторлардың жергілікті тұрғындармен тұрақты кездесулері және мәслихаттардағы әріптестермен бірлескен жұмысын нығайту аса маңызды екенін айтты.

«Сенат депутаттары өңірлерге барып, халықпен кездесулер өткізді. Онда сенаторлар Мемлекет басшының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған бастамаларды талқылап, Парламент қабылдаған заңдардың маңызына тоқталды. Жалпы, өңірлерде ауқымды, белсенді жұмыс жүргізілді. Облыстар мен ауылдардағы өзекті проблемалар көтеріліп, оларға баса мән берілді. Енді сол кездесулердің нәтижесі бойынша депутаттық сауалдар жариялап, азаматтарды алаңдатқан түйткілдерді тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу және оларды шешу жолдарын бірлесіп әзірлеу қажет. Әріптестерімнен осы мәселені бақылауда ұстауды сұраймын», – деді Сенат Төрағасы.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» заңды қарайды. Құжат нормалары академиялық және кәсіби ұтқырлықты кеңейтуге, дипломдарды, дәрежелерді және өзге де біліктіліктерді тануды жеңілдетуге, сондай-ақ, оларды бағалау кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар Палата отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Парламент Сенатының депутаттарын сайлау мәселесі қаралады.

Бюро отырысында депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив