Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен ҚазМұнайГаз инвестиция тарту мәселелерін талқылады

12-01-2026, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның көмірсутек экспортының бағыттарын дамыту, отандық энергетика саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сондай-ақ жобаларды халықаралық компаниялардың қатысуымен іске асыру мәселелері бойынша еліміздің сыртқы саяси ведомствосы мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

А.Хасенов ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұлттық мұнай-газ компаниясының мүддесін шетелде ілгерілетудегі жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив