Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.84 595.75 6.47

«INVIVO» компаниясы 2 жыл бойы бәсекелес зертханалардың жұмысына кедергі келтірген

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті INVIVO бренді лицензиясына ие «INVIVO Business» ЖШС компаниясының әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

«INVIVO Business» ЖШС зертханалық қызметтер нарығындағы субъектілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттарын жасасып, онда франчайзинг шарты бұзылғаннан кейін 24 ай бойы бәсекелестермен ынтымақтастық жасауға тыйым салатын талаптарды көздеген.

Аталған шарттар елдің 16 қаласында зертханалық қызметтер нарығындағы көптеген субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірген.

«INVIVO Business» ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын ерікті түрде орындап, бәсекелестікті шектейтін нормаларды шарттардан алып тастады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде зертханалық қызметтер нарығындағы 143 субъектінің құқықтары қорғалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив