Су министрлігі көктемгі су тасқынынан қорғау шараларын күшейтуде
ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты.
Оның айтуынша, 2024 жылғы ауқымды су тасқынынан кейін елімізде су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар кешені қабылданған. Бұл жұмысқа жергілікті ғана емес, орталық атқарушы органдар да тартылды. Әр өңір үшін жыл сайын іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, жүзеге асырылуда.
2025 жылы өзен арналарын санациялау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, бөгеттерді нығайту және салу, сондай-ақ лиманды суару алаптарын қалпына келтіруді қоса алғанда, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Министр атап өткендей, бұл шаралар өз тиімділігін көрсетті. 2025 жылы су тасқынынан келетін залал көлемі азайды.
Осы жылдың ақпан айында ведомство судың келетін көлемі мен деңгейін көрсете отырып, әрбір өзен бойынша болжамдар ұсынуды жоспарлап отыр.
«Су тасқыны қауіпі туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп елді мекендерді су басуға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.