Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.75 594.67 6.46

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына арналған конференция өтті

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 13 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына 100 жыл толды. Осы мерейтойға орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Бірінші ұлттық театрға 100 жыл: дәстүрлер, инновациялар және көркемдік трансформация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстаннан танымал ғалымдар мен өнер қайраткерлері, соның ішінде өнертану докторлары, профессорлар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Қатысушылар театрдың тарихы, оның рухани негіздері, даму кезеңдері және қазақ драматургиясындағы ұлттық идеяның рөлі туралы талқылады. Әсіресе, режиссурадағы дәстүр мен жаңашылдық, актерлік шеберлік және қазіргі заманғы көркемдік шешімдерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында театр музейі «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме ұсынды. Көрмеде театрдың 100 жылдық тарихын қамтитын фото және видеоматериалдар, архив құжаттары ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив