Cемей-23°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.75 594.67 6.46

Облыс әкімі Иранбек Оразбаевпен кездесті

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли белгілі ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иранбек Оразбаевпен кездесті.

Кездесуде Иранбек Әбітайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатында көтерілген мәселелерге байланысты пікірін білдірді. Абайдың 180 жылдығы жоғары деңгейде, мазмұнды шаралармен, елге пайдалы істермен аталып өткенін жеткізіп, өңірдің тарихы мен мәдениетіне, әдебиеті мен руханиятына қатысты ойларын айтты.

Облыс әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға, Президенттің қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясына, облыстың мәдениет саласындағы игі істер мен тың бастамаларға тоқталды. Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің назарға алынып, жұмыс жоспарына енгізілетінін атап өтті.

Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сай Абайдың 180 жылдығы тұңғыш рет 10 күндік ретінде аталып өтті. Түрлі мәдени-рухани, танымдық, интеллектуалдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс әкімінің қолдауымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылардың, өнер адамдарының, яғни 19 автордың 25 кітабы жарық көрді. Өңірдегі 8 мәдени нысанда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 100 орындық 2 ауылдық клуб ашылды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив