Cемей-27°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.95 594.49 6.5

Абай гарнизонында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өтті

Бүгін, 09:21 018.kz

Абай гарнизонында орналасқан 54835 әскери бөлімінде жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары ұйымдастырылды. Әуе базасының ұшқыштары жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарымен әуеге көтеріліп, әртүрлі тактикалық тапсырмаларды орындады.

Оқу-жаттығу барысында экипаждар әуе кемелерін басқару шеберлігін шыңдап, шартты жауынгерлік жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, ұшу тапсырмалары экипаж мүшелерінің өзара үйлесімді іс-қимылын арттыруға бағытталды.

54835 әскери бөлімінің авиациялық эскадрилия командирі, майор Ерлан Шыналиевтің айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар ұшқыштар үшін ерекше маңызға ие.

– Жаттығулар нақты жағдайда әрекет етуге, техниканы сенімді басқаруға және экипаж мүшелері арасындағы үйлесімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Ми-17 тікұшағы берілген тапсырмаларды орындауда өзін толықтай ақтады, – деді ол.

Айта кетейік, жоспарлы ұшулар әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын арттыруға және әуе техникасының ұрысқа әзірлігін тұрақты деңгейде ұстап тұруға бағытталған.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив