Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.63 592.34 6.54

Нұртөре Жүсіп: Адами капиталды дамыту - мемлекеттік қызметтің басымдығы

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Әдеп жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

Сенатор өз сөзінде мемлекет дамуының қазіргі кезеңі терең әрі өзара байланысты трансформациялармен сипатталатынын атап өтті. Атап айтқанда: экономиканы цифрландыру, жасанды интеллектінің жедел дамуы, еңбек сипатының өзгеруі және қоғамның мемлекеттік басқару сапасына деген талабының артуы басты орында. Мұндай жағдайда тек жаңа технологияларды енгізу ғана емес, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адами капиталдың рөлін қайта қарау мәселесі алға шығады. Бүгінгі таңда дәл осы кадр саясаты мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тиімділігін және бейімделгіштігін айқындайтын негізгі факторға айналып отыр.

«Цифрлық экономика жағдайында мемлекетте кадрларды басқарудың реактивті үлгісінен деректерді талдау мен болжауға негізделген проактивті үлгісіне көшудің түбегейлі жаңа мүмкіндігі пайда болды. Ауқымды деректер мен предиктивті аналитика кадр жүйесінің қазіргі күйін тіркеп қана қоймай, оның дамуын модельдеуге, ықтимал тәуекелдерді анықтауға және болашақ сын-қатерлерге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Сөз объективті мәліметтерге, ұзақ мерзімді жоспарлауға және стратегиялық пайымға негізделген жаңа буынның кадр саясатын қалыптастыру туралы болып отыр», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, парламентші кадр саясатында болжамды аналитиканы қолдану арқылы орта мерзімді перспективада қандай құзыреттер қажет болатынын, білікті мамандардан айырылу қаупі қай жерде бар екенін және қандай басқарушылық шешімдер кадр тапшылығына немесе тиімділіктің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін екенін алдын ала анықтауға болатынын айтты. Бұл әсіресе тұрақты әрі кәсіби даярланған басқарушылық корпусты талап ететін ауқымды мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды іске асыру кезеңінде аса маңызды.

«Предиктивті аналитиканың басқарушылық резервті қалыптастыру мен дамытудағы құндылығы ерекше. Нәтижелілік, құзыреттілік және кәсіби өсу динамикасы туралы мәліметтерді талдау әлеуетті қызметкерлерді объективті түрде анықтауға, олардың дамуын жоспарлауға және басқарушы кадрлардың сабақтастығын қамтамасыз етуге жол ашады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл меритократияны нығайтуға және кадрлық алшақтық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай құралдарды енгізу салмақты әрі жауапты тәсілді қажет етеді. Жеке деректерді қорғау, кемсітушілікке жол бермеу, алгоритмдердің ашықтығы және мемлекеттік қызметтің әдеп принциптерін сақтау - бұлжымас басымдық болуы тиіс. Болжамды аналитика мемлекет пен қоғамның мүддесіне қызмет етіп, мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімді нығайтуы керек», - деп түйіндеді Нұртөре Жүсіп.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив