Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.63 592.34 6.54

Еңбек министрлігінде Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бірінші вице-министр Аскарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) жетілдіру мәселелері, сондай-ақ ведомствоның ағымдағы қызметі қаралды.

2025 жылы ҰБЖ-ні жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен дамудың жаңа басымдықтары туралы Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Жұлдыз Абулғазина баяндады.

«Ұлттық кәсіптер классификаторы (бұдан әрі – ҰКК) елеулі түрде жаңартылды: 900-ден астам жаңа кәсіп енгізіліп, классификатордағы жалпы позициялар саны 13 мыңнан асты. Бүгінде ҰКК еңбек нарығын талдау мен кадрларға деген қажеттілікті болжаудың базалық негізі болып табылады.

Жаңа кәсіптердің қатарында цифрлық агроном, сүт фермаларындағы робототехник-мал өсіруші, жасанды интеллектті әзірлеу және енгізу жөніндегі инженер, 5G және 6G желілерінің инженер-архитекторы, «ақылды» қалалардың кабельдік инфрақұрылымын басқару жөніндегі инженер және технологиялық әрі салалық өзгерістерді көрсететін өзге де бағыттар бар», – деді Жұлдыз Абулғазина.

Ол биылғы жылы ҰКК-ні жетілдіру жұмыстары жалғасын табатынын атап өтті.

Сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Еуропалық біліктілік шеңбері негізінде Ұлттық біліктілік шеңберін жаңарту, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярлауға арналған білім беру бағдарламалары қалыптастырылатын кәсіби стандарттарды әзірлеу және қайта қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Жұлдыз Абулғазинаның айтуынша, осы бағыттағы дамудың негізгі векторы кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде жасанды интеллектті қолдану болмақ: сұранысқа ие дағдыларды айқындау, стандарт құрылымын автоматтандырылған түрде қалыптастыру, ұлттық деректер базаларымен ықпалдастыру және сапаны көпдеңгейлі бақылау.

Ол ҰБЖ-нің цифрлық экожүйесін одан әрі дамытудың маңызды элементі ретінде Career Enbek платформасын атап өтті. Бұл платформада кәсіби стандарттарды әзірлеу мен өзектендіруден бастап кәсіби біліктіліктерді тану рәсімдеріне дейінгі негізгі тетіктер цифрландырылған. Бұл үдерістердің мерзімін едәуір қысқартуға, ашықтықты арттыруға және жүйенің барлық қатысушылары үшін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Баяндамасының соңында Жұлдыз Абулғазина ҰБЖ бөлігінде заңнаманы жетілдіру жоспарлары туралы мәлімдеді.

Атап айтқанда, ҚР «Кәсіптік біліктілік туралы» заңына мынадай негізгі өзгерістер енгізу жоспарлануда: дағдылардың цифрлық банкін ҰБЖ-нің ресми құралы ретінде бекіту; Ұлттық біліктілік жүйесінің қатысушылары қатарына кәсіптік одақтарды енгізу; шетелдік аккредитациясы бар орталықтарды тану мүмкіндігін ашу; біліктіліктерді тану орталықтарын аккредиттеу тәртібін өзгерту және оны толықтай цифрландыру және т.б.

Кеңес барысында сондай-ақ ведомствоның 2025 жылға арналған кейбір жұмыс бағыттары мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив