Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді

20-01-2026, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Қойылымдар 2026 жылғы 23–25 қаңтар аралығында NUS университетінің мәдениет орталығында өтеді.

Гастроль аясында театр сингапурлық көрерменге екі бағдарлама ұсынады. Атап айтсақ, «Классикалық балет жауһарлары» («Аққу көлі» (адажио), «Сильфида», «Дон Кихот» балетінен үзінді) және Альберто Алонсо қойып, музыкасын Родион Щедрин жазған бір актілі «Кармен-сюита» балеті. Бұл қойылым – құмарлық, еркіндік пен тағдыр тақырыптарын терең ашатын әлемдік хореография өнеріндегі көркем туындылардың бірі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив