Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында діни тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері талқыланды

30-09-2025, 11:26 018.kz

Көкпекті ауданының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы Тассай ауылында көпбалалы аналармен және мәдениет саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Аталған іс-шара қоғамда діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологияның алдын алу және конфессияаралық келісімді нығайту бағытында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау, сондай-ақ жалған діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар діни сенім бостандығы мен зайырлы қоғам қағидаттарының маңыздылығына тоқталып, азаматтардың діни мәселелерге қатысты құқықтары мен міндеттерін кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар, Абай облысының Дін істері басқармасы әзірлеген арнайы анықтамалық үлестірме материалдары таратылып, ауыл тұрғындарына күнделікті өмірде кездесуі мүмкін діни сипаттағы сұрақтарға қатысты қажетті әрі пайдалы ақпарат ұсынылды. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Аталған кездесу қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығы мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да жалғасып, ауыл тұрғындарының құқықтық және рухани санасын арттыруға ықпал етпек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив