Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды
Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды.
Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері келді.
Кеше Астанада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 19 қаңтар күні құрылтай мүшелері «Әлеуметтік-мәдени даму», «Білім және ғылым», «Азаматтық қоғам», «Экономикалық даму» секцияларына қатысып, осы салаларда қордаланған, жүйелі шешімін табуға тиіс мәселелерді талқыға салды.
Сондай-ақ құрылтайдың бұған дейінгі жұмыс отырыстарында айтылған ұсыныстар да пысықталды.