Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші
Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бала құқығын қорғаудағы шаралар бір арнаға тоғыстырылып жатқанын айтты.
- Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді, - деді Ерлан Қарин.
Сондай-ақ ол, жуырда Үкімет қаулысымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті.
- Өткен жылдың қараша айында Президенттің Жарлығымен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Бұл құжат – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ішкі саясат саласын жүйелейтін алғашқы тұжырымдамалық құжат. Оны әзірлеуге құрылтай мүшелері, сарапшылар ерекше атсалысты, - деді Мемлекеттік кеңесші.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»